Ақтоғай ауданы бойынша 1995 жылы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы N 01ш шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 ақпанда N 8-10-143 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған азаматтарды тіркеу, оларды әскери есепке қою, санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында 2012 жылғы 01 сәуірге дейін жүргізілсін.
      2. Тіркеуге жататын азаматтар шақыру қағаздарын алған күннен бастап білім беру ұйымдарының және басқа ұйымдардың басшылары оларды дәрігерлік сараптамадан өту және құжаттар жинау үшін жұмыстан, оқудан босатсын.
      3. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіретін денсаулығы жарамды адамдарды анықтау жүргізілсін.
      4. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Бекмагамбетов - келісім бойынша) 1995 жылы туған азаматтарды тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты Ақтоғай ауданының әкіміне 2012 жылғы 15 сәуір қарсаңында ұсынсын.
      5. Ақтоғай ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 02-ш "Ақтоғай ауданы бойынша 1994 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне N 8-10-126 болып тіркелген, 2010 жылғы 31 желтоқсандағы "Тоқырауын тынысы" газетінің N 52 (7266) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Әбеуоваға жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі                    Қ.К. Тілеубергенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Балқаш қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі біріктірілген
      бөлімінің бастығы
      _______________ Б.А. Бекмагамбетов
      2012 жылғы 17 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады