Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 02/01 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 21 ақпанда N 8-10-144 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 маусымдағы N 09/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012.06.01 N 09/02 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін.
      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушімен нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарттар жасау жұмыстарын жүргізсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жұмысқа орналасушылардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда алғашқы алты айда айлық жалақы мөлшерінің 50%, келесі үш айда 30%, соңғы бір айда 15% құрайды, жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыру үлесі «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады және айлық жалақының 50% кем емес мөлшерін құрайды (қосымша).
      4. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 07/12 "Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 8-10-85 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы N 24 (7190) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған);
      2) Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы N 02/25 "Ақтоғай ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 8-10-102 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпандағы N 8 "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған);
      3) Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 04/02 "Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 8-10-111 болып тіркелген, 2010 жылғы 09 сәуірдегі N 14 "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған).
      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.К. Тілеубергенов

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 13 ақпандағы
N 02/01 қаулысына қосымша

Өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі

N

Ұйымның атауы

Кәсіп (мамандық)

Жұмыс орындарының саны

Жұмыс ұзақтығы (айлар)

Айлық жалақы мөлшері, теңге

Өтемақы мөлшері, теңге

1

Қарағанды облыстық филиалы акционерлік қоғамы "Қазпошта" Ақтоғай атыраптық пошта байланыс бөлімшесі

Пошта таратушы

1

6 айға дейін

17439

8719,50 6 ай

2

«Берер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жұмыскер

3

6 айға дейін

17439

8719,50 6 ай

3

Ақтоғай ауданы әкімдігі Ақтоғай ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары «Ақ қайың» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Жұмыскер

2

6 айға дейін

17439

8719,50 6 ай

4

«Метжанова Т.» жеке кәсіпкер

Аспаз

Автокөлік жүргізуші

2

1

10 айға дейін

52000

26000 6 ай, 15600 3 ай, 7800 1 ай

5

«Кокеева Алияш» жеке кәсіпкер

Жұмыскер

6

10 айға дейін

52000

26000 6 ай, 15600 3 ай, 7800 1 ай

6

«Ақтоғай инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Менеджер

2

10 айға дейін

52000

26000 6 ай, 15600 3 ай, 7800 1 ай

7

«Елеубекова Гүлжазира» жеке кәсіпкер

Аспаз

1

10 айға дейін

52000

26000 6 ай, 15600 3 ай, 7800 1 ай



Барлығы

18




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады