Эпизодтық сипаттағы қызметтер бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 16 ақпандағы N 18 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 наурызда N 8-14-167 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы 44 сессиясының № 458 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 18.02.2016 № 458 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 36 бабы 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Эпизодтық сипаттағы қызметтер бойынша біржолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының N 313 "Эпизотиялық сипаттағы қызметтер бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-140 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2011 жылғы 22 қаңтардағы N 4 (5192) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұрақты комиссиясына (Н. Сүлейменов) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Н. Сүлейменов
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Б. Шайжанов

      

  Аудандық мәслихатының
2012 жылғы 16 ақпандағы
N 18 шешіміне
1 қосымша

Эпизодтық сипаттағы 2012 жылға арналған кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған бір жолғы талонның құны

N
Эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің түрлері.
Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы)
Бір жолғы талондар құны 1 күнге (теңге)
1.
Газеттер мен журналдар
113
2.
Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет)
162
3.
Бақша дақылдарын
210
4.
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер
162
5.
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері
65
6.
Жануарлар мен құстардың жемдері
388
7.
Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегі, бал, саңырауқұлақ және балық
32
8.
Үй жануарлары мен құстарын бағу
2
9.
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі
388

  Аудандық мәслихатының
2012 жылғы 16 ақпандағы
N 18 шешіміне
2 қосымша

Аудан базарларындағы 2012 жылға арналған бір жолғы талонның құны

N рет
Базар аттары
Мамандану
Бір жолғы талондар құны 1 күнге (теңге)
1.
Нұра ауданының базарлары
азық-түліктік
32
2.
 
азық-түліктік емес
45

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады