Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 наурыздағы N 27 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 6 сәуірде N 8-15-166 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-151 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада "Сельский труженик" газетінің N 47 (7271) санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
      1 тармақтың екінші абзацында:
      "кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға" сөздері "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға" сөздеріне ауыстырылсын;
      1 тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
      2 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";
      3 тармақта:
      4) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "4) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;";
      6) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "6) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;";
      12) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "12) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;";
      13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.";
      19 тармақта:
      5) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;";
      6) тармақшасы алынып тасталсын;
      9) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "9) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.";
      24 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "24. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді орган белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (В.В. Бережной) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Н. Ревякина

      Аудандық мәслихат хатшысы                  К. Саккулаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады