Белкөл және Тасбөгет кенттерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы

Күшін жойған

Қызылорда қаласы мәслихатының 2012 жылғы 08 қарашадағы N 10/2 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 08 қарашадағы N 4841 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 30 қарашада N 4352 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы N 21/3 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 тамыздағы N 764 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 21/3 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 28.08.2013 N 764 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексінің 108-бабының 5-тармағына және Белкөл және Тасбөгет кенттерінің шекараларын (шегін) өзгерту жөніндегі 2012 жылғы 16 қыркүйектегі азаматтар конференциясының хаттамасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласына солтүстік - шығыс жағынан іргелес ауданы 2000 гектар бос аймақтарды қосу жолымен Белкөл кентінің шекарасы (шегі) өзгертілсін.
      2. Қызылорда қаласына оңтүстік жағынан іргелес ауданы 1000 гектар бос аймақтарды қосу жолымен Тасбөгет кентінің шекарасы (шегі) өзгертілсін.
      3. Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Бекеновке жүктелсін.
      4. Осы шешім мен қаулыны қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Д. Тілеуовке жүктелсін.
      5. Осы шешім мен қаулы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі               М. ЖАЙЫМБЕТОВ

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс X сессиясының төрайымы              Р. ҚАЛЖАНОВА

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                    И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады