Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы мәслихатының 2012 жылғы 19 қарашадағы N 64 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 желтоқсанда N 4366 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 115 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 20.09.2017 № 115 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, сондай-ақ "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының N 178, 2010 жылдың 14 сәуірдегі кезектен тыс 25-сессиясының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-5-137 нөмірімен тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2010 жылғы 5 маусымдағы N 48 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қармақшы аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      9-сессиясының төрағасы О. Бодыбаев
      Қармақшы аудандық
      мәслихат хатшысы М. Ерманов

  Қармақшы аудандық мәслихатының
2012 жылғы "19" қарашадағы
кезектен тыс 9-сессиясының
N 64 шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес әзірленді.

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 2-тармағында көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың Қармақшы ауданы тұрғындары үшін 12 пайыз, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін 14 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.07.2015 № 281 шешiмiмен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Алынып тасталды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 30.06.2014 N 186 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған кұнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормаларына сәйкес жүргізіледі:
      1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
      1 адамға - 70 киловатт сағатына;
      2 адамға - 140 киловатт сағатына;
      3 адамға - 210 киловатт сағатына;
      4 және одан да көп адамға - 250 киловатт сағатына.
      2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:
      4 адамға дейін – 10 килограмм;
      4 және одан да көп адамға –20 килограмм.
      3) отын пайдалану от жағу маусымына:
      отбасына (азаматқа) айына - 1 тонна.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 30.06.2014 N 186 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған кұнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады