Ақтау қаласындағы қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтау қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 242 Қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 мамырда № 11-1-177 тіркелді. Күші жойылды - Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 02 шілдедегі № 841 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтау қаласы әкімдігінің 02.07.2015 № 841 қаулысымен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабының 2,4,5 тармақтарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтау қаласындағы қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифі 35 (отыз бес) теңге көлемінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына келісу үшін ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ө. Бисақаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                  О. Қазақбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақтау қалалық мәслихат хатшысы
      М. Молдағұлов
      24 сәуір 2012 ж.

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық
      шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
      автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі
      бастығының міндетін атқарушы
      Н. Орынбасаров
      24 сәуір 2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады