Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін,сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 09 қарашадағы N 1025 қаулысы.Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 07 желтоқсанда N 2169 тіркелді. Күші жойылды Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі N 434 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 02.04.2014 № 434 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтау қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарына мынадай квота белгіленсін:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
      2. "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г. Хайрлиева):
      1) белгіленген квотаға сәйкес бос жұмыс орындарына қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрғандардың, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандардың жіберілуі;
      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануы камтамасыз етілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Жаңбыршин

      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Ақтау қалалық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Г.Н.Хайрлиева
      09 қараша 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады