Әкімдіктің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 76 "Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 2434 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 желтоқсанда № 3938 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің  "Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-179 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 21 ақпанда "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ келесі мазмұндағы 6)-тармақшамен толықтырылсын:
      "6) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Р.Х. Каркеновқа жүктелсін.

      Әкім                                       Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ В. Константинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады