Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 98 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 мамырда № 9-6-150 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 227 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012.09.24 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша 2012 жылы Аманкелді ауданының аумағында егiн жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Қ. Таукеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ахметов 
 

Әкімдіктің       
2012 жылғы 11 мамырдағы 
№ 98 қаулысына қосымша 

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша 2012 жылы Аманкелді ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң түрлерi

Егіс жұмыстардың басталуы
мен аяқталуы

1

Дәнді (жаздық)

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

2

Майлы

18 мамырдан 30 мамырға
дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады