Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2012 жылғы 29 қазандағы № 53 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қарашада № 3891 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2013 жылғы 18 ақпандағы № 74 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.02.2013 № 74 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-134 тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "12. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп- ұстау, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысы, тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны шығындарының төлем сомасы арасындағы айырмашылық ретiнде, нормалар және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығындарының шектi жол берiлетiн деңгейi шегiнде айқындалады.
      Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 7412 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес, тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi, тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негiзге алғанда уәкiлеттi органмен анықталады.";
      13–тармақ алынып тасталсын.
      15–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысынан 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";
      22–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "22. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн алушының өтiнiшi бойынша тұрғын үй көмегiн алушының, қызмет көрсетушiлердiң, кондоминимум объектiлерiн басқару органдарының банктiк шоттарына екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкiлеттi органмен ай сайын жүргiзiледi.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық
      мәслихаты кезектен
      тыс сессиясының төрайымы                   Г. Абдигапарова

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы                       С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Л. Зейнекина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады