Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 49 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 шілдеде № 9-10-189 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекеттерін 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы                         Г. Таликбаева

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      ауыл шаруашылығы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________________ Н. Кушербаев

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________________ Г. Жидебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады