Әкімдіктің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 43 "2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 413 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 тамызда № 9-12-196 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 05-10/468 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің "2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-174 тіркелген, 2012 жылғы 20 қаңтарда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы 18-тармағымен толықтырылсын:
      "18. Тиісті жұмысы жоқ, "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А.Исенбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады