2012 жылдың 9 сәуіріндегі Успен ауданы әкімдігінің "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ басбостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" N 107/4 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі N 277/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 қазанда N 3238 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 331/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 24.12.2013 N 331/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықтың жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының, 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Успен аудан әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуіріндегі "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" (2012 жылдың 19 сәуірінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-12-124 тіркелген, аудандық "Апта айнасы" газетінде 2012 жылғы 3 мамырда жарияланған) N 107/4 қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
      қаулының 1 тармағында "бір пайыз" деген сөздер "төрт пайыз" деген сөздерге ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  А.А.Дисюповаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Әутәліпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады