Ақжар ауданының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылғы әлеуметтік шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 8-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 қаңтарда N 2068 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты аппаратының 2016 жылғы 17 ақпандағы N 03-02-13/28 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты аппаратының 17.02.2016 N 03-02-13/28 хаты).
      2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға берілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақжар аудандық мәслихат
сессияның төрағасы
Ш.Сабітова
      Ақжар аудандық
мәслихаттың хатшысы
М.Жұмабаев
      КЕЛІСІЛГЕН:
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
      "Ақжар аудандық
ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
А.Киманов
      "Ақжар аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Р.Жүнісова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады