2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын насаналы топтарды анықтау нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 894 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 қаңтарда N 2046 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты 2014 жылғы 27 маусымдағы N 12.1.7-1/815 хаты)
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      2. 2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы тобына жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бірден жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан жоғары жастағы тұлғалар;
      3) он екі ай және одан да артық жұмыс істемеген тұлғалар;
      4) біреуі де жұмыс істемейтін отбасылардың тұлғалары.
      3. Осы қаулының орындалуын қадағалау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Қайырұлы Жаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының әкімі
И. Турков
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады