"Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы N 238 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы N 358 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 желтоқсанда N 2038 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы N 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 11.02.2014 N 22 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің қаулысына 2012 жылғы 23 тамыздағы № 238 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тіркелімінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте № 1872 тіркелген, 2012 жылғы 5 қазандағы № 41 «Парыз», 2012 жылғы 5 қазандағы № 41 «Новатор» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта 1)4) тармақшалары алынып тасталсын;
      қаулымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» және «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» электрондық қызметтер регламенттерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі аппаратының басшысы Медет Дулатұлы Оспановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Е. Исин

      «КЕЛІСІЛДІ»:

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі           А. Жұмағалиев
      2012 жылғы 27 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады