Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 53-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 тамызда № 4-4-202 тіркелді. Күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 106-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 2013.04.19 № 106-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 142 қаулысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.
      3. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 16 тамыздағы № 274-ІV "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4-4-186 санымен тіркелген, аудандық "Нарын таңы" газетінің 2011 жылғы 8 қыркүйекте № 37 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті V
      сессиясы төрағасының міндетін атқарушы,
      Аудандық мәслихат хатшысы:                 Ж. Қадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады