2012 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларын өсіру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 мамырдағы № 41-V шешімі. Атырау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 маусымда № 4-8-224 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 06 ақпандағы № 119-V шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013.02.06 № 119-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тарамағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 378383-баптарына, 387-бабының 1-тармағына сәйкес және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 671 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары 50 пайыз мөлшерінде өсірілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 234-ХХV "2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылдың 27 қаңтарында № 4-8-179 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2010 жылдың 11 ақпанында № 7 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Жүгінісов) жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ІV сессиясының төрағасы:               Б. Кенжебаев

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 Р. Сұлтанияев

Келісілді:

Ш. Сағынғалиев - Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының бастығы

8 мамыр 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады