Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 9/69-5с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 31 шілдеде № 14-1-165 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 39/266-5с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 08.08.2014 № 39/266-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шымкент қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 61/481-4с шешімімен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 14-1-153 нөмірімен тiркелген) Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негiзiнде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378379381383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық ставкалары жоғарылатылсын:
      1, 2, 3, 4 аймақтарда, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 пайызға;
      5 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 40 пайызға.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы қалалық мәслихат хатшысы   Н.Бекназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады