Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешені саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі N 98 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 мамырда N 2574 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 01 сәуірдегі N 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.04.2016 N 90 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шiлдедегi Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегi № 128-ө өкiмiне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешені саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаcы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкімі
Б. Сапарбаев

      

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі
№ 98 қаулысымен бекітілді

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы
инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру
қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені (бұдан әрі – АӨК) саласындағы инновациялық жобаларды, оларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен енгізу және тарату үшін іріктеуді ұйымдастырудың тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) агропроөнеркәсіптік кешен – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және сатуды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
      2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың АӨК инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы;
      4) инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер технологиялары, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі;
      5) инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, тауарлар, жұмыстар және қызметтер технологияларын жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
      6) инновациялық қызмет субъектілері – экономиканың басым секторларында инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.

2. Инновациялық жобаларды іріктеу шарттары

      3. Инновациялық жобаларды іріктеу өтінім берген инновациялық қызмет субъектілері арасында жүзеге асырылады және агроөнеркәсіптік кешеннің мынадай салалық бағыттары бойынша жүргізіледі:
      1) өсімдік шаруашылығы және егіншілік (оның ішінде өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині);
      2) мал шаруашылығы және ветеринария;
      3) ауыл шаруашылығын механикаландыру;
      4) ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу;
      5) табиғи ресурстар: су, балық, орман шаруашылықтары.
      4. Облыстың АӨК инновациялық жобаны енгізу бойынша іс-шаралар мыналарды қамтиды:
      1) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) нәтижелерін өндіріске енгізуді, оның ішінде ғылыми шығыс материалдарын сатып алуды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу жөнінде кеңес беру қызметтері;
      1-1) ауылшаруашылық өндірісіне рационализаторлық әзірлемелерді енгізу бойынша қызметтер;
      2) зертханалық, оның ішінде енгізу нәтижелері бойынша талдаулар жүргізу;
      3) облыстың АӨК субъектілерінің өндірістік немесе ғылыми, тәжірибелік және өзге де аграрлық сала ұйымдары базасында инновациялық жобаларды енгізу бойынша ғылыми-практикалық семинар-кеңестер (егістік күндері) өткізу;
      4) ҒЗКТЖ тәжірибесін және алынған нәтижелерін тарату (тұсау кесер, мақалалар жариялау, брошюралар, буклеттер әзірлеу және шығару, бейнематериалдар дайындау);
      5) облыстың базалық шаруашылықтарында инновациялық жобалардың және озық технологиялардың ғылыми әзірленімдерін енгізу.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.10.2013 № 264 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      5. Облыстың АӨК-сіне инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру:
      1) облыс шаруашылықтарында облыс жағдайына қолдануға болатын қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірленімдерді) енгізуге және таратуға;
      2) облыстың табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына қолдануға болатын инновациялық агротехнологияларды енгізуге және таратуға беріледі.
      6. Облыстың АӨК саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірленімдерді) енгізуде және таратуда мынадай жұмыс түрлері қамтылуы мүмкін:
      1) ауыл шаруашылығын жүргізудің технологиялық әдістерін енгізу және тарату, ауылшаруашылық өнімін өндіру үдерістерін жетілдіру;
      2) облыстың АӨК жаңа машиналарды және механизмдерді енгізу және пайдалану, инженерлік нысандардың немесе техникалық жүйенің конструкцияларын көбейту (конструкторлық жұмыстар);
      3) ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжірибелік үлгілерін (жаңадан жасалған қағидаттық өзгешеліктері бар бірегей моделдерді) енгізу және тарату;
      4) селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату.
      7. Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыруды игеру мерзімі мен сомасы нақты инновациялық жобаның өзгешеліктеріне сәйкес белгіленеді, бірақ игеру мерзімі 24 (жиырма төрт) айдан аспауы тиіс.

3. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі

      8. Инновациялық жобаларды іріктеуді бюджеттік бағдарламаның әкімшісі конкурстық негізде жүргізеді.
      9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:
      құрамына облыстың мүдделі жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларын, агроөнеркәсіп кешені саласында қызмет атқаратын мамандар және жетекші ғалымдарды енгізе отырып, инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады. Комиссияның жұмыс органы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы болып табылады;
      республикалық маңызы бар мерзімдік басылымда және өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде, конкурс өткізуге дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей конкурс өтетіні туралы хабарландыруды жариялайды.
      10. Алдағы конкурс туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мерзімі (конкурс өтетіні туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн) және орны;
      2) толтыру үшін қажетті бланкілердің нысандарын алу орны және тәсілі;
      3) конкурсқа қатысуға берілетін өтінімге қосымша құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеу талаптары.
      Хабарландыруда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпараттар болуы мүмкін.
      11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі - Өтінім беруші) өтінімді бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидада белгіленген мерзімде және осы Қағидаға 1 қосымшаға сәйкес нысанда береді.
      12. Өтінім беруші өтінімге, оның ажыратылмайтын бөлігі ретінде мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) осы Қағидаға 2 қосымшаға сәйкес нысанда инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын;
      2) осы Қағидаға 3 қосымшаға сәйкес нысанда инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазбаны;
      3) осы Қағидаға 4 қосымшаға сәйкес нысанда инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасын;
      4) аграрлық сипаттағы инновациялық технологияларды енгізу және тарату жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін берілген ғылыми-техникалық және материалдық-өндірістік база құжаттарының немесе салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған жалға беру туралы шарттың көшірмелерін;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударылымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы, өтінім берілген күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілген, бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар тұлғаның қолы қойылған және салық органының мөрі басылған, салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
      6) аграрлық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтінім берушінің біліктілігін растайтын құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      7) заңды тұлғалар үшін қосымша:
      құрылтайлық құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелері (жарғы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, құрылтайлық шарт);
      соңғы екі жылдағы қаржы есебінің көшірмесі;
      8) жеке тұлғалар үшін қосымша:
      жеке куәлігінің, әлеуметтік дербес код беру туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелері.
      13. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар нөмірленген, қоса берілген құжатттардың тізбесін көрсете отырып бір папкаға жинақталған, осы Қағиданың және оған қосымшалардың талаптарына сәйкес ресімделген болуы тиіс.
      14. Өтінім беруші берілген құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өтінімдер түскен күннен бастап тіркеу жүргізеді, олардың толықтығын және ресімделу сапасын тексереді.
      Берілген өтінімдер осы Қағиданың 10, 11, 12 тармақтарының талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды Комиссияның қарауына енгізеді.
      Қажетті құжаттар толық берілмеген және олар сапасыз ресімделген жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өтінімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдаудан себебін көрсете отырып, жазбаша түрде бас тартады.
      Мұндай жағдайда өтінім беруші, құжаттарды қабылдау мерзімі өткенге дейін кемшіліктерді жойып, конкурсқа қатысуға қайтадан өтінім беруге құқылы.
      16. Комиссияның отырысы өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей белгіленуі тиіс.
      17. Комиссия өтінімдердің инновациялық жобаларды іріктеудің мынадай критерийлеріне сәйкестігін тексереді:
      1) жобаның инновациялық бағыттылығы, жобаны іске асырудың техникалық мүмкіндігі және оның облыстың АӨК енгізуге және пайдалануға дайындығының деңгейі;
      2) маңыздылығы және облыстың АӨК дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі;
      3) инновациялық жобаның қаражатын игерудің және инновациялық жобаның облыстың АӨК-індегі мұнан кейінгі болашағының нақты тұжырымдалған пайымдауының болуы;
      4) инновациялық жобаны енгізуден болатын технологиялық тәуекелдерді облыстың АӨК нақты субъектісінің жағдайында енгізу үдерістерін ғалымдардың жеке сүйемелдеуі арқылы мейлінше азайту;
      5) инновациялық жобаны енгізуге қажетті жабдықтың, инфрақұрылымның, білікті кадрлардың, жұмыс тәжірибесінің және ресурстардың болуы;
      6) инновациялық жобаның бәсекеге қабілеттілігі;
      7) инновациялық жобаның экономикалық мақсатқа лайықтылығы.
      18. Комиссия өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша отырыс өткен күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей кешенді қорытындыны ресімдейді және инновациялық жобаны қаржыландыру немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
      19. Комиссияның шешімі егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 қатысса заңды деп есептеледі және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      20. Комиссияның инновациялық жобаны қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешімі Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және комиссия төрағасының және мүшелерінің қолдары қойылады.
      21. Өтінім қабылданбаған жағдайда берілген құжаттар өтінім берушінің тікелей өзіне қайтарылады немесе оның заңды мекен жайына жіберіледі.
      22. Конкурстың қорытындылары бойынша Комиссияның оң шешімі негізінде хаттамаға қол қойылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі конкурстың жеңімпазымен осы Қағидаға 5 қосымшаға сәйкес үлгіде Инновациялық жобаны енгізу жөнінде шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасады және Шартта көзделген тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асырады.

  Шығыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіп кешені саласындағы
инновациялық жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидасына 1 қосымша

Өтінім нысаны

1.
Тіркеу нөмірі және күні(бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметкерлері толтырады)
 
2.
Инновациялық жобаның атауы
 
3.
Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық тәжірибені енгізу және тарату саласы (кіші саласы)
 
4.
Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаттарын және мәнін, жоба нәтижелерінің нақты қолданылуын, осыған ұқсас жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесін көрсету)
 
5.
Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша)
 
6.
Жобаның басталу және аяқталу күні
 
7.
Сұратылған қаражат сомасы (теңге)
 
8.
Өтінім берушінің атауы, мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық поштасының мекенжайы)
 
9.
Өтінім берушінің байланысатын тұлғасының Т.А.Ж., мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы
 
10.
Инновациялық жобаның жетекшісі (аты, тегі және лауазымы, телефоны/факсы, электрондық поштасы көрсетіледі)
 
11.
Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысатын агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің атауы, мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық поштасының мекенжайы
 

  Шығыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіп кешені саласындағы
инновациялық жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидасына 2 қосымша

Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары

      (атауын көрсету)

Қызмет түрлері
Күтілетін нәтижелер (1 жыл)
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 

      

Қызмет түрлері
Күтілетін нәтижелер (2 жыл)
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 

  Шығыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіп кешені саласындағы
инновациялық жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидасына 3 қосымша

Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі
іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазба

      1. Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралардың атауы.
      2. Іс-шараларды іске асыру орны: аудан, елді мекен.
      3. Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралардың мақсаты және міндеттері.
      4. Өтінім беруші инновациялық қызмет субъектісінің және инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларға қатысушы агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің қысқаша сипаттамасы:
      толық атауы;
      өтінім беруші - инновациялық қызмет субъектісі және инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларға қатысушы агроөнеркәсіп кешені субъектілері қызметінің сипаттамасы;
      басты мамандар, олар орындайтын қызметтердің түрлері (түйіндемесі және біліктілігін растайтын құжаттар қоса беріліп).
      5. Өндірістің осы буынындағы проблемаларды, іс-шаралар қандай проблемаларды шешуге бағытталғанын көрсете отырып, инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларды негіздеу. Іс-шараларды іске асырудың маңыздылығы мен қажеттілігін, олардың өңір агроөнеркәсіп кешенінің технологиялық даму деңгейіне және еңбек өнімділігіне ықпалын сипаттау.
      6. Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында көрсетілетін негізгі қызметтер сипаттамасы, қандай қызметтер көрсетіледі, өндірісте қолдану үшін, жобаны орындау барысында сынақтан өткізіп, көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер және технологиялар, нақты шаруашылық, аудан және облыс экономикасы үшін практикалық мәнін бағалау. Әр қызметтің мақсатын, мазмұнын, ұзақтығын, күтілетін нәтижелерін, ресурстардың қажеттілігін, оның ішінде инновациялық жобаны енгізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыруға қатысушы агроөнеркәсіп кешені субъектісінің базасында ғылыми әзірленімдерді (технологияларды) енгізу және тарату бойынша ғылыми-зерттеу әдіснамасын көрсету қажет.
      7. Нәтижелілік: инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру нәтижелерінің сан мен сапа көрсеткіштері. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері мен облыс экономикасының еңбек өнімділігін және өндіріс тиімділігін жақсартуға ықпалын бағалай отырып, нақты, айқын нәтижелер қамтылуы тиіс.
      Инновациялық жобаны енгізу жөнiндегi Іс-шаралар жоспарын iске асырудың экономикалық пайдаларын бұрын қолданылған технологиялармен салыстырып көрсету, облыстың АӨК дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан iс-шараның мақсаттылығын негiздеу қажет.
      8. Экологиялық бағалауда ұсынылып отырған технологиялардың қоршаған ортаға және облыстың табиғат ресурстарына ықпалын бағалау болуы тиiс (оң ықпал, ықпалсыз немесе керi ықпал). Керi ықпал болған жағдайда мұндай ықпалдың зардабын азайту үшiн не iстелетiнiн көрсету қажет.
      9. Тәуекелдер: инновациялық жобаны енгізу жөнiндегi Іс-шаралар жоспарын табыспен аяқтау үшін негiзгi тәуекелдер және сол тәуекелдерден өту жөнiндегi шаралар.
      10. Жобаның тіршілікке қабілеттілігі: инновациялық жобаны енгізу жөнiндегi iс-шараларға қатысушы агроөнеркәсіп кешені субъектiлері өндiрiсiнiң қаржыландыру аяқталғаннан кейiнгi тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн қабылданатын шараларды сипаттау қажет.

  Шығыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіп кешені саласындағы
инновациялық жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидасына 4 қосымша

Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі
іс-шаралардың шығыстар сметасы

      (атауын көрсету керек)

мың теңге

Шығыстардың баптары**
Өлш. бірл.
Бағасы
Құны
Оның ішінде айлар бойынша
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1.
Еңбекақы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.
Іс сапар шығыстары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.
Тікелей шығыстар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.
Үстеме шығыстар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жиыны:
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      * инновациялық жобаны енгізу жөнiндегi iс-шараларды іске асырудың әрбiр жылына бөлек көрсетiледi
      ** бюджет қаражатынан және өтiнiм берушiлердiң өз қаражатынан (болған жағдайда) қаржыландырылатын шығыстар бөлек көрсетiледi

  Шығыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіп кешені саласындағы
инновациялық жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидасына 5 қосымша

Инновациялық жобаны енгiзу жөніндегі
ҮЛГІ ШАРТ

       2012 ж. "___" __________ № _____
      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _____________________ атынан, Қағида негiзiнде әрекет ететiн ___________________________ бiр тараптан, және бұдан әрi Орындаушы деп аталатын,_______________________________ атынан, Жарғы негiзiнде әрекет ететiн _______________________________________екiншi тараптан, Инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның 20__ жылғы "___" __________ № ___ шешімін басшылыққа ала отырып, инновациялық жобаны енгiзу жөніндегі осы Шартты жасасты және мынадай келiсiмге келдi:

1. Шарттың мәнi

      1.1 Тапсырыс беруші 019 "Инновациялық тәжiрибенi тарату және енгiзу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу" бюджеттiк бағдарламасы бойынша инновациялық жобаны енгiзу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық жобаны енгiзу жөнінде тапсырма береді, ал Орындаушы оны енгізу жөнінде өзiне міндеттеме қабылдайды.
      Бағдарлама атауы:
      Бағыты:
      Тақырыбы:
      1.2. Орындаушы ________________________________ әзiрлеген және осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып саналатын ______________________ инновациялық жобаға сәйкес _______________________________________ инновациялық жобасын енгiзу және тарату бойынша қызметті мынадай шаруашылықтардың өндiрiстiк жағдайларында атқаруға міндеттенеді:
       1) _________________________________________________________
       2) _________________________________________________________
       3) _________________________________________________________
      .3. Орындаушының 201__ жыл iшiнде қызмет көрсету мерзімі.
      1.4. Тапсырыс беруші мен Орындаушының арасында көрсетілген қызмет актісіне қол қойылғаннан кейін қызмет көрсетілді деп саналады.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      2.1. Орындаушы:
      2.1.1. Қызметті __________________________________ инновациялық жобаны енгізу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес тиiсiнше сапалы атқаруға;
      2.1.2. Қызметті осы Шарттың 1.3-тармағында көрсетiлген мерзiмде толық көлемде көрсетуге;
      2.1.3. Егер қызмет көрсету барысында Орындаушы осы Шарттың талаптарынан ауытқуға жол берген болса барлық айқындалған кемшiлiктердi Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша тегiн түзетуге;
      2.1.4. Орындаушы осы Шарттың 1.3-тармағында көрсетiлген мерзiмде көрсетілген қызметтер туралы толық қорытынды есептер беруге міндетті.
      2.2. Тапсырыс берушi:
      2.2.1. Орындаушы көрсететін қызметтің барысы мен сапасын оның қызметiне араласпай тексеруге;
      2.2.2. Көрсеткен қызметтердің актiсiне қол қойылғанға дейiн Тапсырыс берушiнiң Шартты орындаудан бас тартуы туралы хабарламаны алғанға дейiн Орындаушы көрсеткен қызметтердiң бiр бөлiгiне тең белгiленген бағаны төлей отырып, кез келген уақытта Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

3. Шарттың жалпы сомасы және қызметақы төлеу шарттары

      3.1. Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдердi ескере отырып, қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындардың құнын қоса ________ теңге (жазбаша) құрайды.
      3.2. Орындаушының қызмет ақысын Тапсырыс берушi мынадай тәртiппен төлейдi:
      Тапсырыс берушi шарт сомасының 30 % көлемiндегi соманы алдын ала, осы шарт Қазынашылық органдарында тiркелген сәттен бастап 5 банктiк күн iшiнде төлейдi;
      Келесі төлем ай сайын, нақты көрсетілген қызметтер бойынша, Орындаушы ұсынған көрсетілген қызметтерге шот-фактура мен қабылдау актiсi негізінде аванс толық өтелгеннен кейін жүргiзiледi.
      3.3. Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру облыстың АӨК-де инновациялық технологияларды міндетті енгізу жағдайында осы Шартпен белгіленген мерзім ішінде жүргізіледі.
      3.4. Инновациялық жобаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат оның мақсатты бағытына және белгіленген тәртіппен бекітілген шығыстар сметасына сәйкес пайдаланылуы тиіс.
      3.5. Инновациялық жобаның пайдаланылмаған қаражаты жергілікті бюджетке қайтаруға жатады.
      3.6. Орындаушы және бірлесіп орындаушы өздерінде талапқа сай бухгалтерлік есеп және көрсетілген қызметтердің нақты құнына оның кезеңдері бойынша талдау жүргізілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

4. Қызметті тапсыру және қабылдау тәртiбi

      4.1. Орындаушы Инновациялық жобаны енгізу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын орындаудың кезеңдерiнде ресiмдеп беруге тиiстi болған ғылыми-техникалық және өзге де құжаттаманы бере отырып, Тапсырыс берушiге инновациялық жобаны енгiзу және тарату бойынша көрсетілген қызметтері туралы тоқсан сайын осы Шарттың 2 қосымшасына сәйкес үлгіде аралық есеп беруге мiндеттенедi.
      4.2. Орындаушы Тапсырыс берушiге осы Шарт орындалып біткеннен кейін ________ жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей инновациялық жобаны тарату және енгiзу бойынша көрсетілген қызметтер туралы осы Шарттың 2 қосымшасына сәйкес үлгіде жылдық қорытынды есеп беруге мiндеттенедi.
      4.3. Орындаушы Тапсырыс берушiге көрсетілген қызметтердің актiсiн ___________ жылдың 15 желтоқсанынан кешiктiрмей бередi.
      4.4. Қызметтер мерзiмiнен бұрын көрсетілген жағдайда, Тапсырыс берушi мерзiмiнен бұрын қызметтерді қабылдауға және еңбекақы төлеуге құқылы.
      4.5. Егер қызмет көрсету барысында керi нәтиже алынатындығы немесе қызметтерді бұдан әрi көрсетуді жалғастыру қисынсыз екенi анықталса, Орындаушы қызметті тоқтатқаннан кейiн 5 күн мерзiм iшiнде Тапсырыс берушiге хабарлап, қызметті тоқтатуға мiндеттi.
      Мұндай жағдайда тараптар қызмет көрсетуді жалғастырудың қисындылығы мен бағыттары туралы мәселенi талқылап қарауға мiндеттi.

5. Тараптардың жауапкершiлiгі

      5.1. Шартта көзделген мiндеттер орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайлар мен тәртiпке сәйкес жауапты болады.

6. Дауларды шешу тәртiбi

      6.1. Осы Шарт Орындаушы тарапынан тәртiп бұзылғаны анықталған жағдайда кез келген кезеңiнде бұзылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда, екі тарап көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін Тапсырыс берушi Орындаушыға нақты көрсетілген қызметтер үшін соманы төлейді.
      6.2. Тапсырыс берушi мен Орындаушы Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық келiспеушiлiк пен дауларды тiкелей келiссөздер жүргiзу барысында шешу үшiн барлық күш-қайратын жұмсауы тиiс.
      6.3. Егер тараптар осындай келiссөздер жүргiзу басталған күннен кейiн 21 күн iшiнде Шарт жөнiндегi өзара дауды шеше алмаса, тараптардың әрқайсысы бұл мәселенiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiлуiн талап етуге құқылы.

7. Шарттың қолданылу мерзімі

      7.1. Осы Шарт ол Қазынашылық органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы " " ______ дейін қолданыста болады.

8. Өзге де талаптар

      8.1. Осы Шарт ұқсас және бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.

9. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi

Тапсырыс беруші:
_______________
М.О.
Орындаушы:
______________
М.О.

  Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі
201_ ж. _______ № __ шартқа 1 қосымша

201_ ж. "__" ______ № ____ ШАРТ БОЙЫНША
№ ___ КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР актісі

       201_ ж. "__" _______
       Біз, төменде қол қоюшылар, ____________________________________
      негізінде әрекет ететін Тапсырыс беруші, _____________ тұлғасында бір
      тараптан, және Жарғы негізінде әрекет ететін Орындаушы ____________,
      бірінші басшы __________________________ тұлғасында екінші тараптан,
      осы Актімен, __________ № ____ шартқа сәйкес, Тапсырыс беруші 019
      "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер"
      бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай қызметтерді қабылдағанын
      растаймыз:
       а)
       б)
       в)
      Барлық салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
      қоса есептегенде көрсетілген қызметтердің құны _____________
      ______________________________________________________ құрайды
       (Сомасы санмен және жазбаша, валютаның атауы)
      Қызметтер сапалы орындалды және шарттың талаптарын қанағаттандырады.
      Тараптардың бір-біріне қояр кінәлары жоқ.
      МО ____________ ТАЖ МО ______________ ТАЖ
      Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі
      201_ ж. _________ № __ шартқа 2 қосымша

Аралық және қорытынды есептің нысаны*

Есеп беру күні
 
Өтінім берушінің атауы
 
Шарттың нөмірі және күні
 
Қаржыландыру мақсаты
 
Қаржыландыру сомасы
 
Есептілік кезеңі
 
Қол жеткізілген нәтижелер
 
Қорғау құжатының атауы (бар болған жағдайда)
 
Қорғау құжатының нөмірі және берілген күні (бар болған жағдайда)
 

      

Инновациялық жобаны енгізу бойынша қол жеткізілген нәтижелер:


Серіктестің атауы
Шарттың атауы
Шарттың нөмірі және күні
Шарттың сомасы
Шарттың мерзімі
Төлем шарттары
 
 
 
 
 
 
 

Инновациялық жобаның нәтижелерін әрі қарай тарату бойынша іс-шаралар:


Әлеуетті серіктестің атауы
Іс-шаралар
Болжамды шығын сомасы
Шарт жасасудың болжамды мерзімдері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Инновациялық жобаның нәтижелерін енгізудің нақты нысаны және көлемдері*:


Енгізу нысаны
Енгізу көлемдері
(мың теңге)
1-ші жыл
2-ші жыл
3-ші жыл
1
А/ш өнімдерінің жаңа өндірісін ұйымдастыру және/немесе жаңа түрлерін енгізу;
 
 
 
2
Жаңа агротехнологияны және/немесе қызметті енгізуді ұйымдастыру;
 
 
 
3
Жаңа технологиялық жабдықтарды ұйымдастыру;
 
 
 
4
Агротехнологияларды енгізудің басқа да нысандары
 
 
 

      
      * қаржыландыру ерекшеліктеріне қарай толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады