"Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2012 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы" қала әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 187 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі N 1094 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 қыркүйекте N 2681 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы N 270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 25.02.2013 N 270 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1-тармағының 14-3) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5 бабының 2-тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2012 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 11 наурыздағы № 5-2-157 тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2012 жылғы 13 наурыздағы № 21, «Вести Семей» газетінде 2012 жылғы 13 наурыздағы № 21 сандарында жарияланған) қала әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 187 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      1–тармақ төмендегі мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
      «19) қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар».
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі                         А. Кәрімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады