Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 қарашадағы N 587 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 21 қарашада N 2723 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы N 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 27.02.2013 N 92 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 07 қарашадағы № 823 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-6-144 тіркелген, 2011 жылы 03 желтоқсандағы № 99-100 «Аягөз жаңалықтары» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Аудан әкiмi                                Ә. Мұхтарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады