Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағиданы бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 11-5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылдың 23 қаңтарында N 2838 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қазандағы № 27-6-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 29.10.2014 № 27-6-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.).
 
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
 
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 21-7-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «Ережесі», «Ереже», «Ережелер», «Ережеде», «Ереженің», «Ережесін», «Ережесіне» деген сөздер тиісінше «Қағидасы», «Қағида», «Қағидалар», «Қағидада», «Қағиданың», «Қағидасын», «Қағидасына» деген сөздермен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 21-7-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету туралы Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешімінің 2 қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
     Ескерту. Шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 21-7-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 
 

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы

У. Майжанов


Бородулиха аудандық
мәслихатының
2012 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 11-5-V шешіміне 1 қосымша

Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына)
тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

      Осы Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы құрылыс пен тұрғын үй жөндеу шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы (2012 жылғы 6 ақпандағы № 7412 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген) және Бородулиха ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін анықтайды.
 

1. Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына)
тұрғын үй көмегін көрсетудің жалпы қағидалары

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй көмек заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
      2) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын үй ғимаратында) көрсетілетін сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, пеш жылуы, тұрғын үйді ұстау, қоқыстарды жою және лифтімен қамтамасыз ету қызметтері;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы-кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      5) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басының немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беруші тұлға(ары қарай - өтініш беруші);
      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      7) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын, тұрғын үйге көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
      8) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй–жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй–жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      3) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      4) жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша сомасы ретінде айқындалғаназ қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстарына;
      5) Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер менбайланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
     Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 21-7-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының тоғыз пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді.
 

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау шарттары

      4. Өтініш беруші тұрғылықты мекен-жайы бойынша тікелей уәкілетті органға немесе ауданның Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш берген кезде жүргізіледі және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын ауыл және кент әкімінің анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекен-жайы туралы анықтама;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекомуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысы мөлшері туралы шот;
      9) Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі жеке іске қоса тіркеледі.
      Ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы.
      Ұсынылған жұмыстан және жұмысқа орналасудан бас тартқан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі немесе қоғамдық жұмыстардан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлықтан, кәсіптікті жоғарылатудан дәлелсіз себептермен немесе өз еркімен халықтың әлеуметтік-әлсіз тобын белсенді формалармен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жұмысынан бас тартқан азаматтар өздерінің тұрғын үй көмегін алу құқықтарын жоғалтады.
     Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 21-7-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
      6. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және өтініш беруші өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
      7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруі үшін негіз бола алатын мән-жайлар, сондай-ақ оның дұрыс есептелмеген жағдайлар туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      8. Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындағанда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      9. Өтініш берушімен тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға әкеп соққан жалған мәліметтер ұсынылғаны анықталған жағдайда, тұрғын үйге көмек төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
      10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмек алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері ұсынатын мәліметтер бойынша жүргізіледі.
 

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді
пайдалану нормативтері

      11. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі нормалар ескеріледі:
      1) алаңдар нормасы:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 ш. м,
      екі адамнан тұратын отбасылар үшін – 36 ш. м,
      үш немесе одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін - әр адамға 15 ш. м, бірақ 38.52 ш. м аспауы керек;
      2) көгілдір отын шығындары:
      - орталық газбен жабдықтау үйлерінде тұратын отбасылар үшін – бір адамға айына 5,5 кг;
      - жер үй-жайларда тұратын отбасылар үшін – айына бір баллон;
      3) электр энергиясы жүйесін пайдалану нормасы:
      жалғыз тұратындар үшін - 72 кВт,
      екі адамнан тұратын отбасылар үшін - 114 кВт,
      үш адамнан тұратын отбасылар үшін – 50 кВт әрқайсына.
 

4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер (отбасы), азаматтардың жиынтық табысын есептеу реті

      12. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер (отбасы), азаматтардың жиынтық табысы «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы құрылыс пен тұрғын үй жөндеу шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес (2012 жылғы 6 ақпандағы № 7412 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген) есептеледі.
 

5. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын
отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      13. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі жылына бір рет ұсынылады.
      14. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 5000 кг. мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
      15. Көмір құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
      16. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй жайларда қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
      17. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының (көмірдің құны) барлық нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
      18. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде отбасы көмірді сатып алған бағаға қарамастан (факті бойынша) алынған көмірдің мөлшерін көрсететін есепті (немесе басқа құжатты) тапсырады.
 

6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру мен төлеу

      1. 19. Тұрғын үй көмегін аудандық бюджет қаражаттарының есебінен ақшалай төлем түрінде беріледі.
      2. 20. Тұрғын үй көмегін азаматтардың салымы бойынша жеке шоттарына есептеу жолымен екінші деңгейдегі банктер (ары қарай - тиісті банктер) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі мен шарты «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен және тиісті банктер арасында жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
 


Бородулих аудандық
мәслихатының 2012 жылғы
21 желтоқсандағы № 11-5-V
шешіміне 2 қосымша

      Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:
      1) «Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-3-IV шешімі (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасымен 2010 жылғы 15 сәуірде № 5-8-108 тіркелді, 2010 жылғы 23 сәуірде № 19 (6339)) аудандық «Аудан тынысы» газетінде жарияланған);
      2) «Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-3-IV шешімге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қазандағы № 31-7-IV шешімі (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасымен 2010 жылғы 17 қарашада № 5-8-120 тіркелді, 2010 жылғы 23 қарашада № 67(6387) аудандық «Пульс района», 2010 жылғы 19 қарашада № 66 (66)) аудандық «Аудан тынысы» газеттерінде жарияланған);
      3) «Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-3-IV шешімге толықтыру енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 33-9-IV шешімі (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасымен 2011 жылғы 28 қаңтарда № 5-8-127 тіркелді, 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 28-29 (6424-6425)) аудандық «Пульс района» газетінде жарияланған);
      4) «Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-3-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 маусымдағы № 36-8-IV шешімі (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасымен 2011 жылғы 7 шілдеде № 5-8-134 тіркелді, 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 82 (6428)) аудандық «Пульс района» газетінде жарияланған);
      5) «Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-3-IV шешімге толықтыру енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 ақпандағы № 2-3-V шешімі (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасымен 2012 жылғы 14 ақпанда № 5-8-146 тіркелді, 2012 жылғы 21 ақпандағы № 17 (6527)) аудандық «Пульс района» газетінде жарияланған);
      6) «Бородулиха ауданының мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 маусымдағы № 28-4-IV шешімі (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасымен 2010 жылғы 8 шілдеде № 5-8-116 тіркелді, 2010 жылғы 16 шілдедегі № 31 (6351)) аудандық «Пульс района» газетінде жарияланған).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады