"Катонқарағай ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы" 2012 жылғы 01 ақпандағы № 687 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 15 қарашадағы N 1142 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 желтоқсанда N 2764 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 27.08.2014 N 604 қаулысымен.
 
             РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2 тармағын, 7-бабының 2)5-5) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Катонқарағай ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы» Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 01 ақпандағы № 687 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-13-112 болып тіркелген, 2012 жылдың 29 ақпанында аудандық «Арай-Луч» газетінің № 16 (7516) санында жарияланған) 1–тармағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      «қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Рақышеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы

Б. Рақышева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады