Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 2416 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 20 ақпанда N 5-14-148 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 04 маусымдағы N 2543 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2012.06.04 N 2543 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-7) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жастар практикасын ұйымдастырсын (бұдан әрі - жастар практикасы).
      2. Жастар практикасы 29 жасқа дейінгі түлектерге ұйымдастырылсын.
      3. Жастар практикасы ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Жастар практикасын қаржыландыру уәкілетті орган бекіткен жоспар бойынша ай сайын осы мақсатқа республика бюджетінен қарастырылған қаржы есебінен, жұмыс берушілермен жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Күршім ауданының әкімі                     А. Сеитов

Күршім ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 30 қаңтардағы
№ 2416 қаулысына қосымша

Жастар практикасы ұйымдастырылатын
кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі

Р/с

Кәсіпорындар,
мекемелер

Мамандығы

Ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны

Айлық жалақы мөлшері, теңге

Жастар практикасының ай бойынша ұзақтығы

1

«Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» КМҚК (келісімімен)

қаржыгер

3

26000

6

2

«Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

экономист

2

26000

6

3

«Күршім ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ (келісімімен)

экономист

2

26000

6

4

«Күршім ауданының қаржы бөлімі» ММ

қаржыгер, экономист

2

26000

6

5

«Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

қаржыгер

1

26000

6

6

«ШҚО статистика департаменті» ММ (келісімімен)

қаржыгер, экономист

2

26000

6

7

«Күршім ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ

қаржыгер, экономист

2

26000

6

8

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК ШҚ облыстық филиалы (келісімімен)

экономист

2

26000

6

9

«Күршім ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» ММ (келісімімен)

экономист

2

26000

6

10

Күршім аудандық сотының кеңсесі (келісімімен)

заңгер, қаржыгер

2

26000

6

11

«Күршім ауданының әділет басқармасы» ММ (келісімімен)

заңгер

2

26000

6

12

«Күршім аудандық ішкі істер бөлімі» ММ (келісімімен)

заңгер

2

26000

6

13

«Күршім ауданының Маралды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

қаржыгер, экономист

2

26000

6

14

«ШҚ облыстық прокуратура Күршім ауданының прокуратурасы» ММ (келісімімен)

экономист

2

26000

6

15

Күршім ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ

заңгер, қаржыгер

2

26000

6

16

«Күршім ауданының білім бөлімі» ММ

педагог

4

26000

6

      Күршім ауданы әкімдігінің
      «Жұмыспен қамту орталығы»
      коммуналдық мемлекеттік
      мекемесінің директоры                      Б. Мангибаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады