Күршім ауданының Боран ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 мамырдағы N 2514 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 18 маусымда N 5-14-157 тіркелді. Күші жойылды (Күршім ауданының әкімі аппаратының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 01-05/137 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Күршім ауданының әкімі аппаратының 2013.01.22 № 01-05/137 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 305 ұсынысын қарап, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданының Боран ауылындағы ұсақ малдары арасында сарып ауруы шығуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Күршім ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (келісім бойынша) тұрғындар арасында сарып ауруының алдын алу бойынша жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті санитарлық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы іс-шараларды бақылау ұсынылсын.
      3. Боран ауылдық округінің әкіміне шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерді сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
      5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Күршім ауданының әкімі                     А. Сеитов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық қадағалау және бақылау
      комитетінің «Күршім аудандық
      аумақтық инспекциясы» ММ бастығы           Ә. Шапатов

      Қазақстан Республикасы
      денсаулық сақтау министрлігі
      МСЭҚК ШҚО бойынша департаментінің
      «Күршім ауданы бойынша мемлекеттік
      санитариялық-эпидемиологиялық
      басқармасы» ММ бастығы                     М. Садуақасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады