Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарын бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы N 2698 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 желтоқсанда N 2792 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы N 2949 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 24.06.2013 N 2949 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарын бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Күршім ауданы әкімдігінің «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-14-125 болып тіркелген, «Рауан» газетінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 39 нөмірінде жарияланған 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 2008) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Күршім ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалеловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Күршім
      ауданының әкімі                            А.Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады