Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы N 73 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 12 наурызда N 5-15-99 тіркелді. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы N 87 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 26.03.2013 N 87 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012.11.21 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және жұмыс іздеуде қиындықтары бар интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012.11.21 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К. Р. Смаиловаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Д. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады