Герасимовка, Казачье ауылдарының көшелерін қайта атау және Герасимовка ауылының 2-кезектегі квартал құрылысының көшелерін атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 28 мамырдағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 14 маусымда N 5-17-168 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және Герасимовка, Казачье ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМIН:
      1. Герасимовка ауылындағы келесі көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      «Центральная» көшесі - «Дінмұхаммед Қонаев» көшесіне;
      «Школьная» көшесі - «Александр Яковлевич Гутов» көшесіне;
      «Набережная» көшесі - «Амантай Мухамадиев» көшесіне;
      «Дружбы» көшесі – «Достық» көшесіне;
      «Молодежная» көшесі - «Қабдуахит Темергалиев» көшесіне.
      2. Казачье ауылындағы «Заречная» көшесі - «Әзілхан Нұршаихов» көшесіне өзгертілсін.
      3. Герасимовка ауылындағы 2-кезектегі квартал құрылысының көшелері төмендегідей аталсын:
      № 1 - Ертіс;
      № 2 - Құрылысшылар;
      № 3 - Бауыржан Момышұлы;
      № 4 - Жамбыл Жабаев.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау бас маман Б. Куракпаеваға жүктелсiн.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Округ әкімі                                Е. Турганов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады