Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 3170 "Орал қаласы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 1238 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 21 маусымда № 7-1-236 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 3193 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012.12.13 № 3193 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" қаулысын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 3170 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-226 тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтардағы "Жайық үні" газетінде № 4 және 2012 жылы 21 қаңтардағы "Приуралье" газетінде № 8 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілісін:
      2–тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В. В. Дремасовқа жүктелсін.

      Қала әкімі                       Б. Шәкімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады