Зеленов ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 87 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 сәуірде № 7-7-139 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 04.01.2013 № 50 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Зеленов ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылсын.
      2. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012.06.22 № 281 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. "Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттiк мекемесi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Ғ. Қапақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады