Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылдық округінің Ханкөл аулы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 тамызда № 7-9-124 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылдық округі әкімінің 03.12.2013 № 6 шешімімен (қол қойылған күннен қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 301 ұсынысы негізінде әкім ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылдық округінің Ханкөл аулы аумағында қой және ешкі арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жусандыой ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Н. Қасымовқа жүктелсін.

      Ауыл әкімі                       Т. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитеті
      Қаратөбе аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      _____________Қ. Батырханов
      10.08.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады