Тасқала аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 мамырдағы № 4-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 маусымдағы № 7-11-164 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы № 16-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 14.11.2013 № 16-6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-140 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы "Екпін" газетінің № 18-19 жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармақта:
      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңестірілген адамдарға, санаторлық курорттық емделу алу үшін әлеуметтік көмек, бір жолғы - сауықтыру емделудің 10 күндік курсының ең төменгі төлемақы мөлшерінде;";
      мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасыларына, бір жолғы – 5 000 теңге.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  А. Сарсенбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы        С. Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады