Тасқала ауданы бойынша 2012 жылға нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 131 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 маусымда № 7-11-167 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 339 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012.11.23 № 339 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 836 қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2012 жылға нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындары уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылсын.
      2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Аудан әкімдігінің "2012 жылға нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2012 жылғы 29 ақпандағы № 49 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-11-156 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 6 сәуірде "Екпін" газетінің № 15 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышкалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Қ. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады