"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 мамырда № 8474 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 13.01.2016 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7769 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 маусымда № 396-400 (27474) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
      6-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте бейіндік бағыт бойынша магистратура қажетті іскерлік қабілетке ие және жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту үшін резервте тұрған, жасы 40-қа дейінгі, ішкі істер органдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, аумақтық ішкі істер департаменттерінің, көліктегі ішкі істер департаменттерінің және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД, КІІД, ҚАЖД) бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар ішкі істер органдары қызметкерлерімен жасақталады.»;
      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
      «30-1. Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша магистратураға және PhD докторантураға қабылданған қызметкерлермен Білім беру қызметін көрсетуге келісім-шарт (магистратура/PhD докторантуpa) жасайды.»;
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді және мерзімді баспа басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

                Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

            «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _____________ Б. Жұмағұлов
         2013 жылғы 2 мамыр

Қазақстан Республикасы  
      Ішкі істер министрінің  
      2013 жылғы 29 сәуірдегі 
№ 303 бұйрығына      
      қосымша          

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу
      бағдарламаларын іске асыратын  
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігінің білім беру   
      ұйымдарына оқуға қабылдау    
      қағидаларына 3-қосымша       

      нысан

Білім беру қызметін көрсетуге келісім-шарт
(магистратура/PhD докторантуpa)

___________ қ.                              20 _____ ж. "____"_______
____________________________________________________________________,
_______________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
____________________________________ мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № _____________, 20 ____ ж. «____» ________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген лицензия
№ ________ сериясы ______ 20 ____ ж. «____» ___________
_______________________________________________________________ Жарғы
негізінде әрекет ететін, одан әрі «Білім беру ұйымы» деп аталатын,
бір тараптан, және __________________________________________________
___________________________________________________________ қызметкер
(арнайы атағы, тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда)
одан әрі магистрант/PhD докторант» деп аталатын, екінші тараптан,
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
         (ІІД, КІІД, ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымының атауы )
____________________________________________________________ тұлғада,
___________________ негізінде әрекет ететін, одан әрі «Тапсырушы» деп
аталатын және ______________________________ қызметкердің мүддесінде,
                  (арнайы атағы, тегі, аты,
               әкесінің аты бар болған жағдайда)
әрекет ететін екінші тараптан, төмендегілер туралы осы келісім-шарт
жасады:

I. Келісім-шарттың мәні

      1. Білім беру ұйымы өзіне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес күндізгі оқыту нысаны бойынша магистратураның/PhD докторантураның білім бағдарламалары бойынша білім алушының оқуын ұйымдастыру бойынша міндеттерін алады.
      Мамандықтың шифры және атауы:__________________________________
_____________________________________________________________________

II. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      2. Білім беру ұйымы:
      1) мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес магистрантты/PhD
докторантты конкурстың қорытындылары бойынша қабылдауға;
      2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына
сәйкес оқытуды қамтамасыз етуге;
      3) магистрантқа/PhD докторантқа оқуға жіберілгенге дейін
атқарған соңғы штаттық лауазымы (уақытша атқарған емес) бойынша
лауазымдық айлықақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық айлықақы
ай сайын төлеуге міндетті.
      3. Білім беру ұйымы:
      1) магистранттан/PhD докторанттан осы Келісім-шартқа, Білім
беру ұйымының ішкі тәртіп ережелеріне және Жарғысына сәйкес
міндеттерін адал және тиісінше орындауды талап етуге;
      2) магистрантқа/PhD докторантқа оқу және жеке жоспарын
орындамағаны үшін, Ішкі тәртіп ережелерін және Жарғыны бұзғаны үшін
оқудан шығаруға дейінгі тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;
      3) магистранттың/PhD докторанттың оқу жетістіктерін тексеру
мақсатында ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысанын анықтауға
құқылы.
      4. Магистрант/PhD докторант:
      1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының көлемінде
білімді, іскерліктерді және практикалық дағдыларды меңгеруге;
      2) білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Ішкі
тәртіп ережелері мен Жарғысын және осы Келісім-шарттың шарттарын
сақтауға және орындауға;
      3) отбасы жағдайы, тұрғылықты орны, телефоны өзгерген жағдайда
жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған сәттен бастап ол туралы үш
жұмыс күні үшінде хабарлауға міндетті.
      5. Магистратурада/PhD докторантурада білім алу кезеңінде:
      1) мынадай бөлімдерді:
      жеке оқу жоспарын;
      ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысын (тақырыбы,
зерттеу бағыты, есептілік мерзімі және нысаны);
      практиканы (бағдарлама, база, есептілік мерзімі және нысаны);
      негіздемесі мен құрылымы бар магистрлік/PhD докторлық диссертациялар тақырыптарын;
      магистрлік/докторлық диссертацияларды орындау жоспарын;
      ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспарын қамтитын жеке
оқу жұмыс жоспарын орындау;
      2) білім беру ұйымы белгілеген мерзімде жеке жоспардың
орындалуы туралы есеп беру;
      3) аралық аттестаттаудан өту;
      4) магистрлік/докторлық диссертацияларды даярлау;
      5) диссертацияны сараптамалық кеңеске ұсыну;
      6) қорытынды аттестаттаудан өту: кешенді емтихан тапсыру,
көпшілік алдында магистрлік/докторлық диссертацияны қорғау;
      7) оқуды аяқтағаннан кейін мақсатты даярлау шеңберінде оқуға
жолдаған ІІМ, ІІД, КІІД, ҚАЖД-да кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі
керек.
      6. Магистрант/PhD докторант:
      1) магистратураның/PhD докторантураның білім беру
бағдарламасымен көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында білім беру
ұйымының материалдық-техникалық жарақтарын пайдалануға;
      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне,
конференцияларға, симпозиумдарға қатысу, басылымдарға, оның ішінде
білім беру ұйымының басылымдарына өзінің жұмыстарын ұсынуға;
      3) жоғары оқу орнынан кейінгі оқу процесін ұйымдастыру
мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, оқытушылардың жеке құрамы
бойынша ұсыныстарды кез келген түрде (жазбаша, ауызша) енгізуге
құқылы.

III. Ерекше жағдайлар

      7. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан
магистрант/PhD докторант үшін оқуды аяқтаған кейін үш жыл
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (ІІМ, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдарының атауы)      _____________________________________________________________________
жұмыс істеуі міндетті шарт болып табылады.
      8. Тапсырыс беруші магистрантты/PhD докторантты оқуды
аяқтағаннан кейін оқуға жіберілгенге дейінгі лауазымнан төмен емес
лауазымға тағайындайды.
      9. Магистрант/PhD докторант оқудан шығып кеткен, ауысқан немесе
қайтадан оқыту курсына қалған жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша
білім алу құқығынан айырылады.

IV. Тараптардың жауапкершілігі

      10. Тараптар өзінің міндеттерін осы Келісім-шартта көзделмеген
жағдайларды орындамағаны не болмаса тиісінше орындамағаны үшін
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапты.
      11. Келісім-шарттың 7-тармағын орындамағаны үшін магистрант/PhD
докторант өзінің білім алуымен байланысты республикалық бюджет
шығындарының орнын толтыруға міндетті.

V. Дауларды шешу тәртібі

      12. Осы Келісім-шартты орындау үдерісінде туындайтын келіспеушіліктер мен даулар, өзара қолайлы шешімдерге келуі
мақсатында тараптар тікелей қарайды.
      13. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау
жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамаларына сәйкес шешіледі.

VI. Шарттың қолданыс мерзімі, талаптарды өзгерту және оны бұзу тәртібі

      14. Осы Келісім-шарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап
күшіне енеді және оқу аяқталғаннан кейін оны жіберген ІІМ, ІІД, КІІД,
ҚАЖД бөліністерінде, ІІМ білім беру ұйымында кемінде 3 жыл жұмыс
істегеннен кейін күшін жояды.
      15. Осы Келісім-шарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша
келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.
      16. Осы Келісім-шарт бірдей заңды күшке ие үш данада
мемлекеттік/орыс тілдерінде жасалады және бір данадан білім беру
ұйымдарына, магистрантқа/PhD докторантқа және тапсырыс берушіге
беріледі.

Білім алушы:

Білім беру ұйымы:

ТАӘ __________________________
______________________________

Жеке куәлігі № _______________

ЖСН __________________________

Мекенжайы ____________________

_____________________________

Телефоны _____________________

Электрондық поштасы __________

Білім алушы __________________

Банктік деректемелер:
ЖСК _________________________

БЖК _________________________

ЖСН _________________________

БСН _________________________

16 код ______________________

      Тапсырыс беруші:

      _____________________________
      _____________________________
      е/ш _________________________
      БЖК _________________________
      ЖСН _________________________
      Мекенжайы ___________________
      Бастық ______________________

      Білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге
құқық беретін лицензиямен, Ішкі тәртіп ережесімен, осы
Келісім-шартпен таныстым.
      __________________________
      (білім алушының қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады