Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 қаңтардағы № С-12/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қаңтарда № 3625 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 қарашадағы № 226 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 04.11.2014 № 226 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, 18 бабының 89 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға келесі әлеуметтік қолдау шаралары:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының «Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2012 жылғы 9 ақпандағы № С-2/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-155 тіркелген, 2012 жылғы 9 наурызда «Жаңа дәуір» және 10 наурызда «Сельская Новь» газеттерінде жарияланған);
      Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 ақпандағы № С-2/3 «Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2012 жылғы 25 шілдедегі № С-7/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-169 тіркелген, 2012 жылғы 31 тамызда «Жаңа дәуір» және 1 қыркүйекте «Сельская Новь» газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Амрин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    С.Есполов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының әкімі                А.Садуақасұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады