Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/5 "Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 17/10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 29 мамырда № 3755 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 30/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 18.03.2014 № 30/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/5 «Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3562 тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтарда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы»;
      шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.»;
      Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы»;
      кіріспе бөлімі жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) осы тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленген және Есіл ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшерін және тәртібін белгілейді.»;
      1 тармақтың 1 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) келесі төлемдер бойынша шығындарды өтеу үшін көрсетіледі:»;
      12 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «12. Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы, өтініш берушінің дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы                  С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Есіл ауданының әкімі                       Қ.Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады