Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 28 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 ақпанда № 3543 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 07 шілдедегі № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімдігінің 07.07.2016 № 125 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда мүгедектерге, жалпы жұмыс орындарынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Бөлековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан Әкімі А.Бердалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады