Шектеу шараларын енгізіп ветеринарлық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс селолық округінің әкімінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 маусымда № 3595 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс селолық округі әкімінің 2013 жылғы 22 тамыздағы № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс селолық округі әкімінің 22.08.2013 № 18 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-127 баптарына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 77 ұсынысының негізінде, Жарқамыс селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Үй жануарынан (ит) құтыру ауруының шығуына байланысты Жарқамыс селолық округі, Жарқамыс ауылында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринарлық режим белгіленсін.
      2. Жарқамыс селолық округінің мал дәрігері (Ж.Кұмарғалиев) міндетті ветеринарлық шараларын ұйымдастырып және жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау селолық округ әкімінің бас маманы К.Қалиға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарқамыс селолық
      округінің әкімі:                           М. Ажимкин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады