Шектеу шараларын енгізіп ветеринариялық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 75 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 шілдеде № 3597 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді селолық округі әкімінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 112 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді селолық округі әкімінің 14.08.2013 № 112 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-127 баптарына сәйкес және Байғанин ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 05 маусымдағы № 204 ұсынысы негізінде Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарауылкелді ауылдық округінің Көкбұлақ елді мекені аумағында ірі қара малдары арасынан құтыру ауруының эпизоотия ошағының анықталуына байланысты, оны әрі қарай таратпай жою мақсатында шектеу шараларын енгізіп ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қарауылкелді ауылдық округінің бас мал дәрігері (К.Амангосова) міндетті ветеринариялық іс-шараларын жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасарына (Қ.Ізбағанбет) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылкелді ауылдық
      округ әкімі                               Е.А. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады