Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 желтоқсанда № 3722 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімінің 03.11.2015 № 7 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қобда ауданының мемлекеттiк бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 417 ұсынысы негiзiнде Қызылжар ауылдық округi әкiмi ШЕШIМ ЕТТІ:
      1. Iрi қара малдары арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Қызылжар ауылдық округiнiң Қызылжар, Қаракемер ауылдарының аумағында шектеу iс шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау өзiме қалдырамын.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Ауылдық округiнiң әкiмi
Ә.Т.Накеш

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады