2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 22 тамыздағы № 190 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 қыркүйекте № 3643 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 308 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 28.12.2013 № 308 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 123 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Шалқар қаласы мен ауылдық округінің әкімдері осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қарашолақоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы                           С. Көпенов

Шалқар ауданы әкімдігінің 2013
жылғы 22 тамыздағы № 190
қаулысына 1-қосымша

2013 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудан атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы
есебінен мектепке дейінгі
ұйымдарда орналастырылатын
балалар саны (адам)

1

Шалқар ауданы

140


Жиыны

140

Шалқар ауданы әкімдігінің 2013
жылғы 22 тамыздағы № 190
қаулысына 2-қосымша

2013 жылы бір айдағы жан басына шаққандағы қаржыландыру
көлемі

Бір
тәрбиеле
нушіге
жұмсала
тын
шығыстар
дың
орташа
құны
(теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақшалар
(бөбек
балабақша,
орталықтар)

Шағын орталықтар

Балалар жарты
күн болатын

Балалар толық
күн болатын

Экологиялық апат аумақтарында тұрғаны үшін
коэфицентін есепке алғанда 1,5

Қалалық
жерде
орналас
қан

Ауылдық
жерде
орналас
қан

Қалалық
жерде
орналас
қан

Ауылдық
жерде
орналас
қан

Қалалық
жерде
орналас
қан

Ауылдық
жерде
орналас
қан

28237

33035

7708

9457

16116

19474

Шалқар ауданы әкімдігінің 2013
жылғы 22 тамыздағы № 190
қаулысына 3-қосымша

2013 жылы 1 тәрбиеленушіге күніне ата–ананың ақы төлеу
мөлшері

Мектепке
дейінгі
ұйымға баланы
ұстау ақысы
ның мөлшері
(теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақша
(бөбек-балабақшалар,
орталықтар)

Балалар толық
күн болатын
мектепке
дейінгі шағын
орталықтар

Ұйымдарда болу ұзақтығымен

9-10, 5 сағат

12 сағат

300

350

300

Ескертпе: 1 тәрбиеленушіге бір күнге ата-ананың ақы төлеу мөлшері 350 теңгеден артық емес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады