Талғар ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы N 25-136 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 23 желтоқсанда N 2531 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 39-233 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 19.12.2014 № 39-233 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талғар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі N 16-80 шешімімен бекітілген Талғар ауданының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, Талғар ауданы бойынша жер салығының базалық ставкалары Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383 - баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда 50 процентке жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік экономикалық дамыту және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А. Бәзілхан

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Д. Теберіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады