Жамбыл облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 16-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 2016 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 41-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы мәслихатының 16.11.2015 № 41-5 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Жамбыл облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және интернет-ресурстарында жариялау облыстық Мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалануды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрайымы хатшысы
      Г. Тлеубердиева Б. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ
      "Жамбыл облысы әкімдігінің
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      коммуналдық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Б. Әмірғалиев
      23 тамыз 2013 жыл
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Жамбыл облысы
      бойынша департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Қ.Ж. Қазанғапов
      23 тамыз 2013 жыл
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су ресурстарын
      пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
      Шу-Талас бассейндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Ж.С. Мұхатов
      23 тамыз 2013 жыл

  Жамбыл облыстық мәслихаттың
2013 жылғы 23 тамыздағы
№ 16-4 шешімімен бекітілген

Жамбыл облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидалары

      1. Осы ортақ су пайдаланудың қағидалары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабының 1) тармақшасына, 65 бабының 4 тармағына, 92 бабының 1 тармағына және 95 бабының 5 тармағына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 281-1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1215 қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) ортақ су пайдалану – халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай – күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылатын су пайдалану;
      2) гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
      3) су шаруашылығы құрылыстары – су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;
      4) жер асты шаруашылық – ауыз сулары - өзінің табиғи жай – күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жер асты сулары;
      5) сарқынды сулар – адамның шарушылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;
      6) сулар – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;
      7) су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;
      8) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.
      3. Мынадай:
      1) техникалық құралдарды қолданбай, жер үсті көздерінен су алу кезінде;
      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
      3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
      4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану ортақ су пайдалануға жатады.
      Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектілерінде де, ортақ пайдалануға жатпайтын су объектілерінде де жүзеге асырылады және арнайы рұқсат болуын талап етпейді. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне рұқсат етілмейді.
      4. Осы қағидалар Жамбыл облысының әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдалану тәртібін анықтайды және меншік нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
      5. Халықтың экологиялық, техникалық және санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында, мынадай жерлерде:
      1) халықтың шомылуы:
      ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде;
      шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;
      температурасы төмен жер асты сулары шығатын, су иірімдері мен шұңқыр жерлерде;
      судың ағысы секундына 0,5 метрден асатын жерлерде;
      сазбалшықты учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлары бар кезде (жағалауы жайпақ, құлама жарсыз және шұңқырсыз, ал су айдынының түбі құмды, шылаусыз, балдырсыз, бұталарсыз және үшкір тастарсыз болуға тиісті).
      2) халықтың санитарлық-эпидимиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның және облыстың жергілікті атқарушы органында міндетті тіркелмеген тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз суға және тұрмыстық қажеттіліктер үшін су алуға;
      3) санитарлық қорғау аймақтарында және суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болмаған жағдайда су объектілерін ортақ су пайдалану тәртібінде мал суару үшін пайдалануға;
      4) зардап шеккендерді құтқару үшін пайдаланатын шағын кемелерден және басқа да жүзу құралдардан, сондай-ақ ұйымдастырылған жағажайларда пайдаланылатын шағын кемелер мен жабдықтардан басқа, адамдар көп шоғырланатын жерлердегі су айдындарында шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынады деп белгіленсін.
      6. Адамдар көп шоғырланатын жерлердегі су айдынындағы суды жыл сайын, шомылу маусымы басталар алдында кемінде екі рет химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша химиялық және микробилогиялық тексеруден өткізу қажет.
      7. Шомылу маусымы кезеңінде су айдынындағы су айына кемінде екі рет химиялық-микробиологиялық тексеруден өткізіледі (сынама кемінде екі жерден алынады). Су шомылу аймағынан бір шақырым жоғары ара қашықтықтағы ағыннан және шомылу аймағының екі жағынан 0,1-1,0 шақырым ара қашықтықтағы су айдынынан, сондай-ақ шомылу аймағының шекараларынан алынады.
      8. Шомылуға арналған су бетінің шекаралары қызыл түсті қалқитын белгілермен белгіленеді.
      9. Суда жүзетін жабайы құстар, терісі бағалы аң түрлері, балық ресурстары және басқа да су жануарларының тіршілік ортасы болып танылған су объектілерінде ұя салу және уылдырық шашу кезеңінде ортақ су пайдалану құқығын шектеуді облыстық Мәслихат белгілейді.
      10. Мемлекеттің қауіпсіздігін және еліміздің қорғанысын, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны және тарихи-мәдени мұраларды, басқа тұлғалардың заңды және құқықтық мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жекелеген су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдаланудың шектелуі, тоқтатылуы немесе тыйым салынуы мүмкін.
      11. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе тыйым салуды белгілеу үшін, бөлек немесе бірлесе су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстық Мәслихатқа ортақ су пайдалану шарттарын белгілеу немесе тыйым салу қажеттілігін негіздейтін ұсыныс енгізеді.
      12. Ортақ су пайдаланудың шарттары немесе тыйым салуды белгілеу негізсіз болған жағдайда, ұсынылған ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе тыйым салуды белгілеуден негізді себептермен бас тарту туралы облыстық Мәслихат су пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.
      13. Шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа да шарттары туралы халықты облыстық Мәслихат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы ақпараттық белгілермен хабардар етеді.
      14. Ортақ су пайдалануға тыйым салу немесе шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнату бойынша шығындарды, осы су объектілері жекелей немесе бірлесіп пайдалануға берілген жеке және заңды тұлғалар өткереді.
      15. Бекітілмеген су объектілерінде осы қағидаларды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салу белгілері мен плакаттар орнатуды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
      Су объектілерін мал суару үшін пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан сондай-ақ, көпшілік демалу орындарынан, мәдени-тұрмыстық, рекреациялық және спорттық мақсаттағы жерлерден тыс жерде және суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртібімен жол беріледі. Суат алаңдарын жайластыру жөнінде іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
      16. Су шаруашылығы құрылыстарының меншік иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың техникалық жай- күйінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікте болады.
      17. Суда азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, су объектілері иелерінің, су пайдаланушылар мен ұйымдардың меншік нысанына қарамастан міндеттері мен жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.
      18. Осы қағидаларды бұзғаны үшін, кінәлі тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 281-1 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады