Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын - ІІ жер асты сулары кең орнының № 980201, № 980202, № 980203, № 980204 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 452 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қарашада № 4308 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын – ІІ жер асты сулары кең орнының № 980201, № 980202, № 980203, № 980204 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      _______________ С. Байменова
      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары
      комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ Г. Оспанбекова

  Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 452 қаулысына қосымша

Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын – ІІ жер асты
сулары кең орнының № 980201, № 980202, № 980203, № 980204
ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 980201,
№ 980202,
№ 980203,
№ 980204
ұңғымалар

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айнала-
сында
50 метр

3,14
гектар

Ұзындығы
– 189,5
метр
Барынша
ені –
100 метр

26,3
гектар

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасын-
да
475,3 метр

230,4
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын – ІІ жер асты сулары кең орнының № 980201, № 980202, № 980203, № 980204 ұңғымалары учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің негіздеу жобасы" картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Қостанай" филиалы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады