Мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 153 "Бірыңғай салықтың ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 181 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қаңтарда № 4409 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 193 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 05.03.2018 № 193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 153 "Бірыңғай салықтың ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-121 тіркелген, 2009 жылғы 15 мамырда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессияның төрағасы А. Кабиев
      Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігі Салық комитетінің
      Қостанай облысы бойынша салық
      департаментінің Жітіқара ауданы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _____________________ Б. Шуинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады