Мәслихаттың 2012 жылғы 29 қазандағы № 77 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 104 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 наурызда № 4074 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2013 жылғы 22 қазандағы № 152 шешімімен

      Ескерту. Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 22.10.2013 152 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 47-бабына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 77 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3890 тіркелген, 2012 жылғы 30 қарашада "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі" қосымшасында:
      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               Б. Рақымжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекеменің бастығы
      _____________________ Л. Иванченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады