2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 44 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 ақпанда № 4037 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 07-09/2354 хаты)

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 28.12.2013 № 07-09/2354 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі ұйымдардың бітірушілері;
      ұзаққа созылған (он екі және одан көп айлар) жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар;
      елу жастан асқан адамдар;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары І.М. Насыровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                                А. Тұрсынов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Сарыкөл ауданы
      әкiмдiгiнiң жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлiмi"
      ММ бастығы
      __________ С. Молдабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады