Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі "Ертіс ауданында төлемелі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 130/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы N 148/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 08 сәуірде N 3495 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы N 23/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 16.01.2014 N 23/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережелеріне сәйкес, жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2012 жылдың 16 сәуірдегі "Ертіс ауданында төлемелі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 130/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 8 мамырында N 12-7-137 тіркелген, 2012 жылдың 17 мамырда N 46 "Ертіс нұры" газетінде, N 46 "Иртыш" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 қосымшасында:
      "Еңбек ақы төлеу (теңге) көлемі" бағанындағы "17439" сандар "18660" сандарға ауыстырылсын;
      "Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі" бағанындағы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 жолдары "мектеп асханалары жұмысына асхана жұмыскерлері ретінде көмекке - 1 мектеп." деген сөздермен толықтырылсын;
      18 жол "мектеп асханалары жұмысына асхана жұмыскерлері ретінде көмекке - 4 мектеп." деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           Е. Алпысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады